Жаңалықтар

Референдум: Жетісай қаласының 55 жылдығына орай 55 жасқа келген 55 азамат өз таңдауын жасады

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жетісай ауданының орталығы Жетісай қаласының құрылғанына 55 жыл толуына орай 55 жасқа толған 55 азамат АЭС бойынша референдумда дауыс берді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

Жалпы қала бойынша 13 дауыс беру учаскесі бар, 45 407 қала тұрғынының 23 685-і дауыс беру құқына ие азаматтар.

Жалпы оңтүстік өңірде 1 млн 180 мыңнан астам азамат дауыс беру құқығына ие. Облыстағы 945 учаскеде 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 167 ауылдық елді мекенде тұрғындарды тексеру үшін жылжымалы медициналық пункттер қызмет көрсетеді.