Жаңалықтар

Абай облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері учаскеге барып дауыс берді

Абай облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Иван Шевцов учаскеге барып дауыс берді.

Ардагер әр азаматтың референдумға қатысуының маңызды екенін атап өтті.

Иван Шевцов 1926 жылы 1 қазанда Алтай өлкесінің Антоновка ауылында дүниеге келген, Алтай өлкесінің военкоматынан майданға шақырылып, Польша мен Чехословакиядағы ұрыстарға қатысқан. Соғыстан кейін «Қазэлектромонтажда» учаске меңгерушісі болып жұмыс істеді. Ол ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.