Жаңалықтар

Аида Балаева референдумда дауыс  берді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева АЭС мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.

Министр Астанадағы Ұлттық кітапханада ғимаратында орналасқан №164 учаскеде таңдауын жасады. Референдумның халық үшін маңызды оқиға екенін айтты.

«АЭС құрылысы – саяси сұрақ емес, экономикалық мәселе. Еліміздің дамуына түбегейлі әсер етеді. Бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде жауапкершілігімді сезініп, сайлау учаскесіне келіп дауыс бердім. Еліміздің барша азаматы референдумға жауапкершілікпен қарайды деп ойлаймын», - деді министр.