Жаңалықтар

Алтынбек Қоразбаев референдумға қатысты

Қазақстанның Халық әртісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, композитор және әнші Алтынбек Қоразбаев республикалық референдумға қатысты.

Өнер майталманы  №202 мектеп-гимназиясында орналасқан № 211 учаскесіне келді. Алтынбек Қоразбаев референдумның маңыздылығына ерекше тоқталды.

"Бүгін әрбір дауыс маңызды. Біз осы референдум нәтижесі арқылы халықтың көңіл-күйін, сенімін, үмітін, қоғамымыздың даму жолындағы көзқарасын біле аламыз. Сондықтан баршаңызды дұрыс шешім қабылдауға шақырамын", – деді Алтынбек Қоразбаев.