Жаңалықтар

Дауыс беру әділ және таза өтуін бақылайтын боламын – Айгерім Ерқуатова

Дауыс берушілермен қатар бақылаушылар да өз жұмысын белсенді түрде атқарып жатыр. Шымкент қаласы, №36 учаскеде «Аmanat» партиясының атынан бақылаушы болып отырған Айгерім Ерқуатова учаскедегі ахуал туралы айтып берді.

«Аmanat» партиясының атынан  №36 учаскеде байқаушы болып тіркелдім. Референдум таңғы сағат 7:00-де Әнұранмен басталды. Комиссия мүшелері, өзге де байқаушылар толық қатысып жатыр. Дауыс беру процесінің әділ және таза өтуін бақылаудамын, – деді ол.

Бақылаушының айтуынша, дауыс берушілер белсенді. Ешкім құқық бұзған жоқ.

Дауыс берушілердің көңіл күйі жақсы. Таңнан бері 97 адам дауыс берді. Ешқандай у-шусыз, кедергісіз жақсы өтіп жатыр. Дауыс беру дәл осылай әділ және таза өтуін бақылайтын боламын, – деді Айгерім Ерқуатова.