Жаңалықтар

"Институционалды демократияға бағыт алдық": депутат Ерлан Саиров дауыс беруге барды

Депутат Ерлан Саиров референдумға дауыс беру үшін сайлау учаскесіне барды. 

Депутат референдумның саяси мәдениетті көтеруге тигізетін ықпалы туралы пікірін білдірді. 

Өзімнің азаматтық позициямды білдірдім. Бұл – Қазақстанның саяси тарихындағы үшінші референдум. Референдум – саяси плюрализмнің белгісі. Қоғамның саяси мәдениеті осындай процедуралар арқылы шыңдалады, – деді депутат.

Норма және процедура арқылы институционалды демократияға бағыт алғанымызды айтқан ол еліміз өркндей берсін деген тілектің төңірегінде сөзін түйіндеді.