"AMANAT" фракциясының жетекшісі референдумда дауыс берді
"AMANAT" фракциясының жетекшісі, депутат Елнұр Бейсенбаев референдумда дауыс берді.
Әділетті Қазақстанды құру – елдегі ауқымды реформалардың темірқазығы. Саяси реформалардың негізі – тағдыршешті мәселеде халықтың үнін есту, оларға ашық әрі әділ таңдау жасау мүмкіндігін беру. Бүгінгі таңдауды кішкентаймен бірге жасадық, – деп жазды депутат Facebook-тегі парақшасына.
Жалпы, Мәжіліс депутаттары өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысып жатыр.