Жаңалықтар

"Сайлаушылар референдумның маңызын жете түсінеді" – бақылаушы

Астанадағы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да жасақталған 136-учаскеге бақылаушы болып бекітілген Гүлшат Жұмағалиева дауыс беруге ниет танытқандар саны артып келе жатқанын айтты.

«Дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталды. Сайлау учаскесіне алғаш келген тұрғынға сыйлық берілді. Сондай-ақ алғаш рет дауыс беруге келген 18 жастағы қызымызға да сыйлық табыс етілді. Сайлаушылар референдумның маңызын жете түсінеді. Дауыс беру барысында ешандай бұзақылық, тәртіпсіздік болмады. Қазірге дейін 86 адам дауыс берді», – дейді бақылаушы.