Жаңалықтар

АЭС құрылысы жөнінде оң шешім қабылданса, оны кім салады? – Президент жауабы

Akorda

АЭС бойынша оң шешім қабылданса, оны халықаралық консорциум салуы қажет. Бұл туралы АЭС бойынша референдумда дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдеріне шағын сұхат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. 

«Егер референдум қорытындысында Қазақстан азаматтары АЭС құрылысына қатысты мәселеге қолдау білдірсе, онда оны кім салады?» - деп сұрады БАҚ өкілдері Президенттен.

Мемлекет басшысы бұл мәселенің күрделі екендігін атап өтті.

«Үкімет сараптамамен айналысып, тиісінше келіссөздер жүргізуі қажет. Дегенмен, бұл - мәселеге қатысты менің жеке көзқарасым. Қазақстанда ең озық технологияларға ие әлемдік компаниялардан тұратын халықаралық консорциум жұмыс істеуі тиіс. Бірақ, бұнан арғыны өмір көрсетеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.