Жаңалықтар

"Қазақстандықтарды азаматтық парызын орындауға шақырамын" – Назым Қызайбай

Әйелдер боксы бойынша Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беріп, АЭС құрылысы бойынша референдумға қатысты.

Назым өзінің азаматтық парызын алғашқылардың бірі болып орындап, азаматтарды референдумда  дауыс беруге шақырды.

"Мен дауыс бердім және әркім өз таңдауын жеке сенімдеріне қарай жасауы керек деп санаймын. Әрбір дауыс маңызды, біздің отандастарымыз бұл мәселеде белсенді болатынына сенімдімін", – деді Назым Қызайбай.