Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу бойынша референдумда дауыс берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумға қатысып, дауыс берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Айта кетейік, бүгін дауыс беру сайлау учаскелерінде 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Сонымен қатар 80-нен астам учаске жұмысын 06:00-де бастады. Республика бойынша барлығы 10 000-нан астам дауыс беру учаскесі бар.

Референдумда 18 жасқа толған Қазақстанның барлық азаматтары дауыс бере алады. Дауыс беру бюллетеньдері қазақ және орыс тілдерінде басылады.