Астанаға Шавкат Мирзиёев келді

Астанаға Шавкат Мирзиёев келді

Астанаға Шавкат Мирзиёев келді
ашық дереккөзі
Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келді. Қазақстан президентінің тапсырмасымен  Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев  өзбек көшбасшысын әуежайдан қарсы алды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.  Мәртебелі қонақты Премьер-министрдің бірінші орынбасары А. Мамин, сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов, Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев, ӨР-дағы Қазақстан елшісі Е.Өтембаев қарсы алды. Бұл Шавкат Мирзиёевтің Өзбекстан Республикасының Президенті ретіндегі Қазақстанға алғашқы ресми сапары. Өзбекстан Республикасының Президенті Мирзиёев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізеді, онда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланбақ.