Жаңалықтар

Референдум: Ең алғашқы сайлау учаскелері Жапония мен Кореяда ашылды

СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дәстүрлі түрде шетелдегі референдум учаскелерінде атом электр станциясын құру мәселесі бойынша референдумде дауыс беру барысын жария ету жұмысын бастады, деп хабарлайды turkystan.kz СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетелдегі барлық референдум учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған. 

Ең бірінші болып қазақстандықтар Корея мен Жапонияда дауыс беруге мүмкіндігі бар. 

Сеулде #390 және Токиода #393 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды. 

Шетелдегі барлық референдум учаскелерінде дауыс беру барысы туралы ақпарат біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызда жүйелі түрде берілетін болады.