Ақтауда жеңіл көлік автобуспен соқтығысты
Апаттан үш адам зардап шеккен
Ақтауда 4 қазан күні кешке Yutong маркалы №105 жолаушылар автобусы Lexus GS 300 седанымен соқтығысқан.
Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, апаттан үш адам зардап шеккен. Олардың бірі облыстық ауруханаға жеткізілген.
Полиция департаментінің хабарлауынша, көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұзып, адамдардың денсаулығына зиян келтіруіне және көліктердің бүлінуіне әкеп соққан оқиға бойынша (ҚР ӘҚБтК 610-бабы) Lexus GS 300 жүргізушісі жауапкершілікке тартылған. Көлік айып тұрағына қойылды.