Домофонды сындырып, бөтеннің көлігін бүлдірген: Астанада вандалдар жазаланды
30 қыркүйек күні таңертең 35 жастағы астаналық үйінің жанындағы шлагбаумды әдейі сындырған
Астанада қоғамдық тәртіпті бұзушылармен және вандализмнің кез келген жағдайымен күрес жүріп жатыр. Полицейлер кезекті вандалдарды анықтап, жауапқа тартты.
30 қыркүйек күні таңертең 35 жастағы астаналық үйінің жанындағы шлагбаумды әдейі сындырған.
Осыған ұқсас жағдай келесі күні, түнгі уақытта да болды. 48 жастағы ер адам мас күйінде ауладағы көліктің қанатын, бамперін бүлдірген. Осылайша ол басқа біреудің мүлкіне айтарлықтай зиян келтірді.
Сонымен қатар 26 жастағы астаналық тұрғын мас күйінде кіреберістегі домофонды кірпішпен ұрып сындырған.