Астананың білім беру ұйымдарында 27 мыңға жуық педагог жұмыс істейді
Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында 3500 педагог ведомстволық наградалармен марапатталды
Жаңа 2024-2025 оқу жылында Астананың білім беру ұйымдарына 2 262 педагог қабылданды, оның ішінде 993-і жайлы мектептерге.
Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында 3500 педагог ведомстволық наградалармен марапатталды.
Елорда педагогтері мынадай ерекше наградалармен марапатталды: "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы, "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгілері, "Астана қаласының құрметті педагогі" төсбелгілері, алғыс хаттар мен грамоталар. Білім беру еңбегінің ардагерлері де назардан тыс қалмады.
Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары тәжірибе алмасу және кәсіби құзыреттілікті арттыру жөніндегі халықаралық семинарларға, конференцияларға қатысу үшін шетелдік іссапарларға барады. Соңғы үш жылда мұндай сапарларда 300-ден астам адам болды. Олар АҚШ, Сингапур, Чехия, Корея, Өзбекстан, Грузия, Жапония, Түркияға барды. Іссапар қорытындысы бойынша "Шетелдік тағылымдама: кәсіптік әдіснаманы үйреніңіз, меңгеріңіз және дамытыңыз" тақырыбы бойынша оқыту семинарлары ұйымдастырылды.