Қоғам

«Маскадағы жігіт» Африка халқына қайырымдылық жасады

сурет ашық дереккөзден алынды

Аты жөні белгісіз азамат Африкалықтарға қол ұшын берді.

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіп, қайырымдылықпен айналысып жүрген бетперде киген жігіт Афикада мешіт пен мектеп салып, құдық қазды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Instgram-дағы Chelovekvmaske аккаунтында жариялады.

Әлі күнге дейін есімі белгісіз азамат көптеген қазақстандықтарға баспаналы болуға және ем алуға көмек көрсетті. Ендігі кезекте ол Африка тұрғындарына да қол ұшын созуға бел байлаған.

«Алла Тағаланың қалауымен біз Сомалиде, Байдоада, BARWAAQO IDP шатырлы лагерінде мектеп, мешіт және құдық салдық. Umitorganization ұйымына ұйымдастыру үшін рахмет», — деп жазды ол желідегі парақшасында.

Ал желі қолданушылары оған қолдау көрсетіп, ризашылықтарын білдіріп жатты.

«Көзіме жас келіп, денем тітіркеніп кетті», «Әрбір қазаққа бұйырсын осындай амал жасау!», «Сіз сияқты біздің Үкіметте кем дегенде бір адам пайда болса ғой», -  деп жазып жатты Chelovekvmaske аккаунтының оқырмандары .

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)