Қоғам

«Әдемі қыз»: Мөлдір Әуелбекова өнердегі жолы жайлы айтты

сурет ашық дереккөзден алынды

Мөлдір Әуелбекова әншілік жолы жайлы бөлісті.

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова өнердегі жолын есіне алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесінің айтуынша әншілік өнерге «Super Star2» жобасынан бастап аяқ басқан. Содан бері 20 жыл өтіпті. 

«Менің өнеріме биыл 20 жыл! Өнер жолым сонау «Super Star2» жобасынан бастау алды. Есесіне қызық сұрағым бар: Сіз мені қай жобадан тани бастадыңыз?», - деді әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар әнші желідегі оқырмандарымен кері байланыс жасап өзін қай кезеңнен бастап танитынын сұрады.

Желі қолданушыларының көбісі «Ғашық жүрек» киносынан бастап танитындарын алға тартты.

«Бұрыннан баяғыдан кинодан танимыз. Мықтысыз. Ұнайсыз қатты. Өнеріңіз өрлей берсін!», «Ғашық жүрек», - деп жатты Мөлдір Әуелбекованың Instagram желісіндегі оқырмандары.

 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Singer from Kazakhstan🇰🇿 (@moldir.auyelbekova)