Қоғам

Қостанайда жоғалып кеткен бала табылды

сурет ашық дереккөзден алынды

Әйел күні бойы іздегеннен нәтиже шықпаған соң полицияға жүгінген.

Қостанай облысында полиция жоғалған баланы жедел іздестіріп, анасына табыстады, деп хабарлады turkystan.kz Полиция.кз сайтына сілтеме жасап. 

Қостанай облысының Озерный ауылының тұрғыны полицияға оның 13 жасар ұлы белгісіз бағытта үйден кетіп, оралмағанын хабарлады. Әйел күні бойы іздегеннен нәтиже шықпаған соң полицияға жүгінді. Жедел әрекеттердің нәтижесінде тәртіп сақшылары бір сағат ішінде Озерный ауылында досымен бірге жүрген жасөспірімді тапты. Бала ата-анасына үйіне қайтарылып, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ал анасы полицейлерге жедел әрекет етіп баласын тауып бергендері үшін шын жүректен алғысын білдірді.