Спорт

Отандасымыз Қытайда өтіп жатқан беделді турнирдің ширек финалына шықты

Амир Омарханов Қытайдағы турнирде сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Қазақстанның 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы бірінші ракеткасы, әлем рейтингіде 15-орында тұрған теннисші Амир Омарханов Бейжіңде өтіп жатқан ITF Juniors J300 сериялы турнирінің 1/4 финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстандық үшінші раундта Корея өкілі Донюнг Хванды (133 ITF Juniors) 6:7 ​​(4:7), 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Амир ширек финалда Куан-Чоу Ченмен (79 ITF Juniors) ойнайды.