Жаңалықтар

Ел үшін стратегиялық маңызы бар жоба

Бүгін Халықтық штаб Атырау мұнай өңдеу зауыты ұжымымен кездесті. Кездесуде АЭС-энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға және еліміздің экономикалық өсуіне ықпалын тигізетіні туралы сөз болды. 

Халықтық штаб өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда атом электр станцияларының құрылысы энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға көмектеседі. Бұл жобаның ел үшін стратегиялық маңызы бар, Қазақстанның тәуелсіздігін қолдайтын және өзінің энергетикалық ресурстарын дербес басқаруға мүмкіндік беретін сенімді және тұрақты энергиямен қамтамасыз ету.  Сыртқы тәуекелдерді барынша азайту және жоба қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сенімді халықаралық серіктестермен ынтымақтастықтың егжей-тегжейлі тетіктері, сондай-ақ озық технологияларды енгізу қарастырылған. 

Сонымен қатар, атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және экономикалық өсу үшін тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жиын барысында "АМӨЗ" ұжымы референдум, АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, Мемлекет басшысының бұл бастамасын қолдайтындықтарын жеткізді.

Сонымен қатар Халықтық штаб Атырау облысының іскер әйелдерімен кездесу өткізді. Кездесуде штаб мүшелері атом энергетикасының әлемдегі ахуалы жайлы атап өтті. Еуропа, Ресей мен АҚШ, Қытай елдері атом реакторларын, атом станцияларын салу ісіне білек сыбана кірісіп, келешекте энергия тапшылығының алдын алуға жұмыс істеп жатыр. 

Соның бірі – соңғы жылдары халық пен бизнес қатты сезініп отырған энергия тапшылығы мәселесі. 

«Бүгін біз елдің одан әрі дамуына әсер ететін барлық маңызды шешімдер халықпен бірге қабылданып жатқанын көріп отырмыз. Жаңа саяси мәдениеттің мәні осында. Біз барлығымыз бірге жаңартылған Конституция үшін дауыс бердік. Қазір халық қабылдаған шешімнің дұрыс болғанын көріп отырмыз. Бұл жолы да халық өз таңдауын жасап, елімізде АЭС салу-салмау туралы шешім қабылдауы керек», – деді штаб мүшесі Наурызалиев Кариполла.

Жаңа даму дәуіріне қадам басудың алғышартының бірі – «Жасыл энергияны» қолдау. Халықтық штаб мүшесі Балжан Досмұхамбетова келешек ұрпаққа қолайлы жағдай жасау мәселесіне тоқталды.

«Бүгінде электр қуатын тұтыну көлемі артып келеді. Сондықтан болашағын ойлаған елдер атом станциясының құрылысын бастап кетті. Оның ішінде – көрші Моңғолия, Өзбекстан секілді мемлекеттер бар. Әрине, әр адамның өзіндік пікірі бар. Дегенмен, бүгінгі күннің миссиясы – атом энергиясын дамыту», – деді Б.Досмұхамбетова. Кездесуде іскер әйелдер атом энергетикасы турасында пікірлерін білдіріп, қолдайтынын жеткізді.