Қазақстанда 230-ға жуық жануар түрі жоғалып кетуі мүмкін
4 қазан – Халықаралық жануарларды қорғау күні.
Осы орайда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті статистикалық мәліметтерді бөлісті, деп жазады turkystan.kz.
«Қазақстанда 835 түрдегі омыртқалы жануар мекендейді, олардың ішінде 178 сүтқоректілер мен 489 құс бар. Алайда, өкінішке орай, 132 омыртқалы және 96 омыртқасыз түрлердің жойылу қаупі бар», - делінген комитет дерегінде.
Жабайы жануарларды қорғау жұмысын мемлекеттік инспекторлар мен құқық қорғау органдары бірлесе атқарып келеді. Олар браконьерлікпен күресуге және біздің табиғатымыздың биологиялық әртүрлілігін сақтауға белсенді түрде жұмыс істейді.