Спорт

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

instagram

Қос боксшы арасындағы кездесу 12 раундқа жалғасуы керек еді.

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) Аустралияның Сидней қаласында өткен бокс кешінде жаңазеландиялық Андрей Михайловичті (21-0, 13 КО) айқын басымдықпен ұтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Қос боксшы арасындағы кездесу 12 раундқа жалғасуы керек еді. Алайда Әлімханұлы қарсыласын 9-раундта техникалық нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша, отандасымыз кәсіби бокстағы 16-жеңісіне қол жтекізді. Ал кәсіпқой рингте 21 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген Андрей Михайлович бірінші рет жеңіліске ұшырады.

Еске сала кетейік, қос боксшы биыл шілдеде АҚШ-та кездесуі керек болатын. Алайда Әлімханұлы салмақ қуу кезінде есінен танып қалып, ауруханаға түсіп қалды.