Таеквондодан әлем чемпионаты: Теміржан Тасқын қола жүлдені жеңіп алды
Спортшы 48 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.
Қазақстандық таеквондошы Теміржан Тасқын Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өтіп жатқан таеквондодан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Турнирде алтын жүлдені ирандық спортшы Мехди Размиян қанжығасына байлады. Ал екінші орын испаниялық Хайро Тригосқа бұйырды. Тағы бір «қоланы» Өзбекстаннан келген Бехруз Салимов алды.
Айта кетелік, Қазақстан командасының қоржынында қазіргі таңда үш медаль бар. Бұған дейін Нұрай Қазнабек (59 келіге дейінгі салмақ) пен Нұрали Махмұт (55 келіге дейінгі салмақта) күміс жүлдегер атанған болатын.