Жаңалықтар

Сенат Төрағасы хатшылығының меңгерушісі тағайындалды

Бұл қызметті енді Нұргүл Мауберлинова атқарады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Аппаратының төрағасы Максим Споткай хабарлады.

Нұргүл Мауберлинова Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Медиа, ақпарат және коммуникация саласында тәжірибесі мол. Әр жылдарда ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары, Ақпарат комитетінің төрағасы, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Бүгінге дейін Сенат Төрағасының кеңесшісі болып келді.