Жәнібек Әлімханұлы Vs Андрей Михайлович: Жекпе-жек тікелей эфирден көрсетіледі
IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бұл кездесуде екі атағын қорғайды.
Бүгін кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) Сиднейде (Аустралия) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы өзінің қос белбеуін қорғамақ.
Бұл жекпе-жекті Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Қазақстан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады.
IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бұл кездесуде екі атағын қорғайды.
Ал Андрей Михайлович кәсіпқой рингте 21 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген. 13 кездесуін нокаутпен аяқтаған 21-0, 13 KO. Қазір Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде 3-орында тұр. Айта кетейік, қос боксшы биыл шілдеде АҚШ-та кездесуі керек болатын. Алайда Әлімханұлы салмақ қуу кезінде есінен танып қалып, ауруханаға түскен.