Жаңалықтар

Қазақстан 1,5 млрд долларға еурооблигациялар шығарды

istockphoto.com

Олар Лондон қор биржасы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасында орналастырылды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жалпы сомасы 1,5 млрд АҚШ долларына еурооблигациялар шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz. Олар он жыл мерзімге салынған. Купондық мөлшерлемесі 4,714%.

«Бір күн бойы АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа, Азия, Таяу Шығыстың жүзден астам инвесторымен консультация өткізілді. Бұл олардың Қазақстанға деген сенімінің жоғары екенін көрсетеді. Уақытылы орналастырғанның арқасында Қаржы министрлігі оңтайлы параметрлерге қол жеткізді. Шығарылым бағасы ба тиімді болды», - делінген ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Бұл еурооблигациялар шығарылымы елдің қаржылық тұрақтылығын нығайтады, экономикалық өсімін арттырады. Сонымен қатар Қазақстанның квазимемлекеттік, корпоративтік эмитенттерінің халықаралық капитал нарығына шығуына бағыт береді.