Жаңалықтар

Астанада күйеуі әйелін темірмен ұрып, өзі көп қабатты үйден секіріп кеткен

istockphoto.com

Әйел ауруханада жатыр.

Қайғылы оқиға 1 қазан күні Қосшығұлұлы көшесінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«1 қазан күні кешкі сағат 23:36-да полицияға көшеде ер адамның жатқаны туралы хабар түсті. Полиция қызметкерлері ерлі-зайыптылар арасында жанжал болғанын, күйеуінің әйелін ұрып, өзі 10 қабатты үйден секіріп кеткенін анықтады», - делінген Астана Полиция департаментінің хабарламасында.

Ол әйелін машина жөндейтін темір кілтпен ұрған. Әйел жедел ауруханаға жеткізілген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.