Жаңалықтар

Ләззат Қалтаеваның депутаттық өкілеттігі тоқтап, орнына Марат Қожаев тағайындалды

Сенатта ауыс-түйіс.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Анықтама үшін:

Қалтаева Ләззат  Молдабекқызы 2016-2021 жылдары Алматы қаласы мәслихатының депутаты, 2022 жылдың 28 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болған. «Аманат» партиясы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі.

Қожаев Марат Шәдетханұлы полиция генерал-лейтенанты, ұзақ жылдар бойы ішкі істер саласында қызмет атқарған. 2019 жылғы 6 сәуірден бастап-Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болды.