Жаңалықтар

Бүгін сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды

istockphoto.com

 «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

4 қазанда түнде Петропавл қалаласында және Павлодар, Өскемен, Семей, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.