Жаңалықтар

Алматы-Өскемен тасжолында 80 жастағы жүргізуші жол апатына ұшырады

Фото: Polisia.kz

Жол апаты бүгін болған.

Қария тізгіндеген көлік жолда аударылып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы-Өскемен тасжолының 962-шақырымы тұсында, Жаңа Өзен ауылы маңында 80 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, Hyundai автокөлігі аударылып қалған.

Полиция қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Жүргізуші мен оның жолаушысы Жарма аудандық ауруханасына жеткізілген.