Спорт

Конференция лигасы: «Астана» сербиялық команданы жеңді

Сурет: prosports.kz

Ойын бүгін Алматы қаласындағы «Орталық» стадионда өтті.

Бүгін елордалық «Астананың» Конференция лигасының 1-туры аясында сербиялық «ТСЦ Бачка-Топола» командасына қарсы матч өткізді, деп хабарлады turkystan.kz порталы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласындағы «Орталық» стадионда өткен матчта алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Конференция лигасы. 1-тур

«Астана» (Астана, Қазақстан) - «ТСЦ Бачка-Топола» (Бачка-Топола, Сербия) 1:0

Гол: Казуколовас 15

Төреші: Оливер Рейтала (Финляндия)