Жаңалықтар

Қазақстанда 400-ден астам адам құжатсыз жүр

сурет ашық дереккөзден алынды

Шілде айынан бастап Ішкі істер министрлігі Қазақстанда құжатсыз тұратын адамдарды анықтай бастаған.

Құжатсыз жүргендердің 200-і Қазақстанның азаматтары, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оларға құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсетіледі. Көбінесе бұл санатқа тұрақты мекенжайы жоқ адамдар, шалғай аудандарда және шаруа қожалықтарында тұратын адамдар кіреді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 404 құжатсыз адам бар. Олардың 200-і елдің азаматтары деп танылды, 14-і азаматтығы жоқ адамдар. Қалғандары бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«Егер азаматтарға құжатсыз тұратын адамдар туралы мәлімет белгілі болса, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуді сұраймыз. Құқықтық көмек көрсету және білікті кеңес алу үшін әр өңірде жауапты қызметкерлер бекітілген», – делінген хабарламада.