Актер Жахан Отарғалиевтің бұрынғы әйелі Қытайға кетіп қалды
Әнші Балжан Бидаш Қытайда жүр.
Танымал актермен шаңырақ көтеріп, кейін ажырасып кеткен әнші Бейжің қаласында жүргені туралы жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қытайдамын. Бейжіңдегі 80 қабатты ең биік қонақүйге жайғастым. Сіздерге де жұғысты болсын, оқырман», - деп жазды Балжан Бидаш.
Еске салайық, бұған дейін де Қытайға Жахан Отарғалиев сауда саттық шаруасымен барған болатын. Ал Балжанның шетелге нақты қандай мақсатпен барғаны әзірге белгісіз.