Қоғам

«Халықтың жүрегінен орын тапқан»: Мәдина Сәдуақасова анасына жүрекжарды жазба арнады

Бүгін әншінің анасы - Күлтай Үмбетованың туған күні.

Мәдина Сәдуақасова анасын туған күнімен құттықтады, деп жазды turkystan.kz.

«Негізі, анамның өзі өнерге, әншілікке жақын, ақ жарқын мінезді, үнемі күлімдеп, жадырап жүретін, ортаны гүлдендіріп, жандырып жібереді өзі. «Мама» деген әнде осы кісіге деген барлық сезімдерім, махаббатым тұнып тұр. Сондықтан да «Мама» әні халықтың жүрегінен орын тапқан болар.  Жүз жаса, анашым.  Ортамызда осылай құлпырып жүре бер. Туған күніңмен!», - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.