Жаңалықтар

Алматыда Мажарстан және француз киноларының фестивалі өтеді

ашық дереккөзі

Алматыда Мажарстан және француз киноларының фестивалі өтеді

24-26 сәуір аралығында Алматы қаласында Мажарстан киноларының фестивалі өтпек. Фестиваль бағдарламасына соңғы бірнеше жылда түсірілген венгрлік фильмдер енгізілді.

Аталмыш фестивальді Мажарстанның Алматыдағы Бас консулдығы мен Олег Борецкийдің киноклубы бірлесе ұйымдастыруда. Фестивальде «Соңғы монтаж, ханымдар мен мырзалар», «Мефисто», «Қалың дәптер» секілді көрерменнің көңілінен шыққан кинотуындылар назарға ұсынылады. Ал фестиваль бағдарламасындағы фильмдердің көрсетілімі «Цезарь» кинотеатрында өтеді.

Ал 23 сәуірде «Қазіргі француз киносы» фестивалі ашылады. Фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылмақ. Бұл фестивальде қазақстандық көрермендер француз кинематографының жаңа дүниелерімен таныса алады. Фестиваль бағдарламасында «3 жүрек», «Джек әйелдер патшалығында», «Болмысы бөлек жақындар», «Кедергілерді еңсерген достық» сынды фильмдер топтастырылған. «Қазіргі француз киносы» фестивалінің негізгі көрсетілімдері «Арман» кинотеатрында өтпек. Фестиваль үш күнге созылады.