АЭС – еліміздің ертеңін айқындайтын ауқымды жоба
Халықтық штаб мүшелері «Жанарыс» тігін фабрикасының ұжымымен АЭС құрылысын талқылады.
Жаңаөзен қаласында Халықтық штаб мүшелері Жаңаөзен қаласындағы «Жанарыс» тігін фабрикасының жұмысшылармен кездесті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Тігін фабрикасының негізін қалаушы, Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы, қоғам белсендісі Жаңбырбай Дәменов ұжымға АЭС мәселесін түсіндірді. Ол халықтық штаб мүшелеріне референдумға қатысып, өз дауысын беретінін айтты.
«АЭС құрылысы еліміздің ертеңін айқындайтын ауқымды жоба. Атом игеру арқылы біз энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткіземіз. Сондықтан осы елдің азаматы ретінде саяси науқаннан тыс қалмауымыз керек»,-дейді халықтық штаб өкілдері.
Өз кезегінде сөз алған ұжым мүшелері референдумға қатысып,өз дауыстарын беретін жеткізді.