Жаңалықтар

Әріптесіне балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды

istockphoto.com

Іс сотта қаралған.

Зайсан аудандық соты ұсақ бұзақылық жасаған жергілікті тұрғынға қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотт іс ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша қаралды.

«Азаматша А 2024 жылдың 17 қыркүйегінде жұмыс орнында жанжал шығарып, әріптесіне балағат сөз айтқан», - делінген хабарламада.

Әйел сотта өз кінәсін мойындаған. Сот оның өкінгенін ескере отырып, 51 688 теңге айыппұл салды.