Жаңалықтар

Жолдың бойында көкпар ойнағандар жауапқа тартылды

скриншот

Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа қатысушыларының ережелерін бұзғаны үшін ер адамдар әкімшілік жауапқа тартылды.

Алматы облысында полиция қызметкерлері жолдың бойында атпен ойын ұйымдастырған ер адамдарды жауапқа тартты, , деп хабарлады turkystan.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы бір топ салт аттының жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды.

Аталған құқық бұзушылар аудандық полиция қызметкерлерімен анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа қатысушыларының ережелерін бұзғаны үшін ер адамдар әкімшілік жауапқа тартылды.

Айта кету керек, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді үнемі бақылап, құқық бұзушылықтарды анықтау және уақытылы алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Құқық қорғаушылар барлық жол қозғалысына қатысушыларды қоғамдық тәртіпті бұзбай, жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.