Жаңалықтар

Павлодарлық келіншек қарт күйеуін пышақтап тастаған

Қайғылы оқиға қарттар күнінде болған.

1 қазан күні Павлодардағы пәтерлердің бірінен пышақ жарақатынан көз жұмған 72 жастағы қарияның мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қанды оқиға сол күні таңғы сағат 10:00 шамасында жанжал кезінде болған. Полиция қарияның 54 жастағы жұбайын «жанжал кезінде кісі өлтіргені үшін» ұстады.

«Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласының Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Павлодар облысының Полиция департаменті.