Жаңалықтар

Тоқаев Корея Республикасының президентін құттықтады

Akorda

Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёл мен корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президентін Юн Сок Ёл мен корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында Кореяны экономикалық және технологиялық дамуда зор жетістіктерге қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар дәстүрлі достық пен берік байланысқа негізделген қазақ-корей ықпалдастығы халықтардың игілігі үшін одан әрі жандана беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің жауапты қызметіне толағай табыс, достас корей халқына құт-береке тіледі.