Қоғам

Қазақстанда полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

сурет ашық дереккөзден алынды

Ел бойынша қоғамдық тәртіпті 33 мыңға жуық қызметкер қамтамасыз етеді.

Республикалық референдумға байланысты полицияның қызметі күшейтілген нұсқасына ауыстырылады, деп хабарлады turkystan.kz.

2 қазаннан бастап Қазақстанда полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

 Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік органдармен бірлесіп, дауыс беруге арналған учаскелерге комиссиялық тексерулер жүргізіледі. Олардың техникалық сипаттарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, терроризмге қарсы қорғалуы қаралады.

«Полиция қызметкерлері дауыс беру бюллетеньдері жеткізілген сәттен бастап учаскелер маңында қызмет атқарады. Сондай-ақ полицейлер дауыс беру құжаттамасын жеткізуді сүйемелдейді. Ел бойынша қоғамдық тәртіпті 33 мыңға жуық қызметкер қамтамасыз етеді, оның 18 мыңы сайлау учаскелерінде», - делінген хабарламада.