Жаңалықтар

Қазақстанда Атом есімді 5 адам бар

istockphoto.com

Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұрады.

Ең кішісі 3 жаста, ал үлкені – 66 жаста. Бұл есім иелері Ақмола мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында тұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сонымен қатар құрамында "атом" сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі:

- Атомжан — 2 адам

- Атомбек — 6 адам

- Атомвек — 2 адам

- Атомтай — 1 адам

Ескерте кететін жайт, аталған есім иелерінің 80%-ы 47 жастан асқан және олар Қазақстанның 11 өңірінде тұрады. Бұл ретте, елімізде Референдум есімді адам жоқ.