"Ата-баба дәстүрін жаңғырту": гренландиялық әйелдер бетіне татуировка салдыруды сәнге айналдырды
Инуит татуировкасын олар өз мәдениеті мен гренланд мәдениетінің қайта жандануы ретінде қабылдайды.
Гренландиядағы әйелдер арасында инуиттердің дәстүрлі бет татуировкалары қайта жандана бастағаны байқалып отыр, деп хабарлайды scmp.com.
Беттегі инуит стиліндегі татуировкалар көптеген гренландиялық әйелдер үшін өз мәдениетіне қайтып оралудың символына айналған. Инуит татуировкасын олар өз мәдениеті мен гренланд мәдениетінің қайта жандануы ретінде қабылдайды.
Біз тамырымызға қайта оралып жатырмыз, – деді 61 жастағы психолог Пикилак, бұл шешімді жеті жыл бұрын қабылдағанын және содан бері білегі мен саусақтарына да татуировка салдырғанын айтады.
«Татуировкалар бірнеше ұрпақ бойы жоғалып кеткен болатын және жақында ғана қайта оралды, – дейді олар.