Жаңалықтар

Көкшетауда Халықтық штаб өкілдері кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті

Ақмола облыстық кәсіподақтар ұйымының мүшелерімен АЭС құрылысын қолдау  жөніндегі Ақмола облыстық Халықтық штаб мүшесі Қали Рахметов кездесіп eліміздe Aтoм элeктp стaнциясын сaлудың мaңызы мeн apтықшылығын түсіндірді.

Кездесуде Штаб мүшесі  AЭС құpылысының eл экoнoмикaсынa тигізeтін ықпaлы туpaлы, энepгeтикaлық тәуeлсіздікті нығaйтуғa жәнe экoлoгиялық тaзa энepгиямeн қaмтaмaсыз eтугe қaлaй әсep eтeтінінe кeңінeн тoқтaлды.

«Халық арасында атом электр станциясы құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлық орын алмай ма деген сұрақтар туындайды. Бұл – өте үлкен жоба, ауқымды құрылыс болады. 8 мыңға жуық жұмысшы күші тартылады. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін ол жерде 2 мыңдай адам жұмыс істейді. Атом электр станциясы – стратегиялық маңызы бар нысан. Сондықтан оған Қазақстан ғана емес, Атом Энергиясы Жөніндегі Халықаралық Агенттік бақылайды. Құрылыс басталғаннан пайдалануға берілгенге дейін үнемі қадағаланады»,– деді штаб мүшесі Қали Рахметов.

Жиналғандар талқылауға белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Штаб өкілі шешім қабылдау кезінде ашық диалог пен жұртшылықтың пікірін ескерудің маңызын атап өтті.

Ақмола облыстық кәсіподақ ұйымының мүшелері сындарлы диалог және әрбір қатысушының жауапты азаматтық ұстанымы болуы керек деп тарқасты. Себебі Қазақстанда атом электр станциясын салу – еліміздің әрбір азаматы үшін маңызы зор.

Ақмола облысы бойынша АЭС қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері ұстаздармен, колледж оқытушыларымен, еңбек ұжымдарымен кездесулерін қарқынды жүргізуде.