Спорт

Нұрай Қазнабек таеквондодан әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Оdo-kures.kz

Ол 59 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп,  екінші орыннан көрінді.

Қазақстандық таеквондошы Нұрай Қазнабек жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Таэквондодан Қазақстанның жасөспірімдер командасының спортшысы Нұрай Қазнабек Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді.

Ол 59 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп,  екінші орыннан көрінді. Финалда ол Иран елінің өкілі Айназ Насириге есе жіберді. Ал үшінші орынды канадалық Элла Брюстер мен хорватиялық Мария Углегич өзара бөлісті.

Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушылары: Н. Жанбиров пен Ж. Бекқасымов.