«Екеуі де білмейді»: Айнұр Тұрсынбаева інісі мен қайнысына қымбат сыйлық берді
Өнер иесі ескі көлікпен жүрген ағасының баласы мен қайнысына су жаңа көліктің кілтін берді.
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева бірге жұмыс істеп жүрген екі көмекшісіне автокөлік сыйға берді.
Өнер иесі ескі көлікпен жүрген ағасының баласы мен қайнысына су жаңа көліктің кілтін берді.
«Бауырларыңызды себепсіз қуанту сіздерге де жұғысты болсын! Командамызда қос қуаныш! Біржан, Шерхан су жаңа көліктерің құтты болсын! Игіліктеріңе мініңдер! Төменге тілек жаза кетіңіз. Екеуі де білмейді. Іштерінен сезіп келе жатпауы да мүмкін», – деп жазды айтыскер ақын.
Тұрсынбаева көлікті иеленген азаматтардың қуанышын жеке парақшасында бөлісті.
«Екеуі де ескі көлікпен командамыздың шаруасының бәріне шауып жүретін еді. Күтті ме, күтпеді ме, білмеймін. Екеуіне де салоннан су жаңа көлік әперіп жатырмыз», – деді желі жұлдызы.