Тәртіп сақшыларымен жанжалдасқан Астана тұрғыны қамауға алынды (ВИДЕО)
Полицейлер көлікті жолдан алуды талап етті, бірақ 35 жастағы жүргізуші талапқа бағынбай, өзін агрессивті ұстап және балағат сөздер айтқан.
Ведомство мәліметінше, 102 арнасына Ұлытау көшесінде болған оқиға туралы хабарлама келіп түскен. Полиция қызметкерлері қиыршық тас тиелген Shansiman маркалы жүк көлігімен бірге еріп жүрген кезде Lexus автокөлігінің жүргізушісі КамАЗдың алдына шығып, оның одан әрі қозғалысына кедергі келтіргені анықталды.
Осыдан кейін көлік жүргізушісі мен полиция қызметкерлері арасында жанжал туындады. Полицейлер көлікті жолдан алуды талап етті, бірақ 35 жастағы жүргізуші талапқа бағынбай, өзін агрессивті ұстап және балағат сөздер айтқан.
«Аталған факті бойынша тәртіп бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны және полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімі бойынша жүргізуші 15 тәулікке Астана қаласы ПД арнайы қабылдау орнына қамауға алынды», - делінген хабарламада.