БАР ҚАЗАҚ ҚҰШАҚ ЖАЯР КҮН

Наурыз мейрамы – Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Парсыша «наурыз» бірінші айдың бірінші күні дегенді білдіреді. Бұл айды соғдалықтар «наусарыз», хорезмдіктер «наусарджи», армяндар «навасарди», чуваштар «норас-ойахе» деп атаған. Ал наурызды қазақ халқының ықылым заманнан тойлап, «Ұлыстың ұлы күні» деп ерекше атағаны баршаға аян.

2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес, 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын» мәлімдеді. Ал ЮНЕСКО болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізгені белгілі.

Ал Ұлыстың ұлы күнін әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан қандас-бауырлар қалай қарсы алады? Наурыз мейрамын қандай деңгейде атап өтеді? Біз бұл сұрақты шетелдегі қазақтардың өзіне қойған едік.

 

Абдулсәмет  Алтай,  Париж қаласының тұрғыны:                                           БАР ҚАЗАҚ ҚҰШАҚ ЖАЯР КҮНСалт- дәстүрден  айныған емеспіз

– 1950 жылы Пәкістан елінің Пешавр қаласында діни ғұлама ғалым, қоғам қайраткері Халифа Алтай ақсақалдың отбасында дүниеге келдім. 1953 жылы Түркияға қоныс аударып, Салихлы қаласында орта мектепте білім алдым. Ал 1989 жылдан Франция мемлекетінде өмір сүріп келемін. Франциядағы ақсақалдар алқасының төрағасымын.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі атажұртпен байланыс жақсара түсті. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Құрылтайлар өткізілді. Одан басқа да мәдени шаралар жүзеге асты. Абай бабамыздың 150 жылдығы Францияда ЮНЕСКО ұйымы көлемінде тойланды. Біз тілімізді дұрыс сақтай алмасақ та, дінімізді сақтап келеміз. Салт-дәстүрден айныған емеспіз. Әкемнің айтып кеткен өсиеті – ағайынмен, әр адаммен тату болу еді.

Ұлыс күні әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киіп, ер адамдар бір-бірімен қос қолдасып төс қағыстырады. Ал әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады.  Әдетте осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Кеңес үкіметінің алғашқы кезеңдерінде шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол «діни мейрам», «ескілік сарқыншағы» деп танылып, тоқтатылды. Құдайға шүкір, қазір бұл мейрамды бүкіл түркі әлемі тойлайды.

Париждегі қазақтар Ұлыстың ұлы күнін асыға күтеді. Тіпті, бұл тойымызға осы елде жүрген түркітілдес ұлттардың өкілдері де келіп қатысады. Қырғызстан, Түркия, Ауғанстан, Әзірбайжан, Пәкістан, т.б. елдердің азаматтары Наурыз мейрамымен құттықтап, кіріп шығады. Әсіресе, 2013 жылы Париждің іргесіндегі Goussainville қалашығында өткен Наурыз мерекесі есімде қалыпты. 22-23 наурыз күндері той тойлап, жергілікті қазақтар бар өнерін ортаға салды. Сол шараға арнайы қатысқан Қазақстанның Франциядағы елшісі, қала әкімі ерекше ризашылық білдірген болатын. Себебі киіз үй тігіп, Наурыз дастарқаны жайылды. Әр ұлт өз тағамдарын дайындап, дәм татқызды. Соңынан түркітілдес ұлт өкілдері ұлттық өнерін ортаға салып, әннен шашу шашты. Ұлттық киім киінген олар елге деген сағынышын осылай басып, арқа-жарқа болды. Тіпті, ұлттық қолөнер бұйымдарынан кішігірім көрме ұйымдастырды. Әз-Наурыз мейрамы дегенде, ең бірінші дәм – наурыз көже ойға оралмай ма?! Жиналған қауым наурыз көжеден дәм татып, мәре-сәре болады. Ал ең қызығы, бұл мерекелік шараны қатысушылардан, қазақ диаспорасынан бөлек, жергілікті тұрғындар да қызыға тамашалады.

Біз мейрам кезінде ұлттық ойындарды да сағына еске аламыз. Сондай-ақ, футбол сайысынан бас жүлдені қазақ құрамасы жеңіп, бір-бірімізге тамаша көңіл-күй сыйлаған едік. Жылда осы дәстүрден қол үзбейміз. Ұлыстың ұлы күні ескерусіз қалған емес. Биыл да бұл шараға ерекше ынта-ықыласпен дайындық жүруде. Париж қаласында жергілікті қазақтардың басын қосатын «Қорқыт» қоғамы бар. Ұлттық мерекені өз деңгейінде атап өту үшін ұйымдастыру шараларын қолға алатын қоғамның арқасында қазақ бауырлар кездесіп тұрамыз.

Мұрат Есжан,  Сан-Франциско  қаласындағы Өнер академиясының магистранты:

 БАР ҚАЗАҚ ҚҰШАҚ ЖАЯР КҮНАмерикада да қой сойылып, қазан  көтеріледі

– Біз Калифорния штатының Bay Area, яғни, Бей аймағы деп аталатын бөлігінде тұрамыз. Ол – Солтүстік Калифорниядағы Сан-Франциско, Сан-Хосе, Окланд, Беркелей секілді бір-бірімен жапсарлас жатқан жиырма шақты қаланы қамтитын, 6-7 миллион халық тұратын үлкен бір өңір. Әдетте мұндағы Наурыз тойына осы Бей аймағының әр жерінен қазақтар жиналады. Наурыздың жыл сайынғы тұрақты ұйымдастырушысы – Стенфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева апайымыз. Ол кісі қасына алдымен ерікті жастарды жинап, ұйымдастыру жұмыстарына ерте қамданады. Арнайы сахнасы, тамақтануға қолайлы үстелдері бар орын жалдайды. Өнерлі жастарға интернеттегі тобымыз арқылы сұрау салынып, концерттік бағдарлама түзіледі. Ас мәзірі мен жалға алынған жердің ақысы өтелу үшін келушілерден жарна жиылады. Үйден ас әзірлеп әкелем немесе өнер көрсетем деген жандардан жарна талап етілмейді.

Осылайша, наурыз айының соңын ала, қолайлы бір «уикендте» дүркіреп Наурыз тойланады. Ән айтылады, жыр оқылады. Қазақтар мен қонаққа келген өзге ұлт өкілдері наурыз көже мен етке, бауырсақ пен қуырдаққа тойып қайтады.

Наурыз тойына Қазақстаннан жетім балаларды асырап алған америкалық отбасылардың қатысуы да дәстүрге айналған. Бұдан бөлек, Калифорнияның астанасы Сакраменто қаласында да жыл сайын Наурыз тойланады. Онда тұратын бір шоғыр ағайын, ақсақалымыз Рәшид ағаның басшылығымен, Наурыз тойын табиғат аясында ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Қой сойылып, қазан асылады. Самауырда сақырлап шәй қайнайды. Сол үшін қайбір жылы ерінбей елден самауыр көтеріп келген екен. Ән-жырдың аяғы арқан тартыс пен күреске ұласады. Соңында кейуанамыз Тәрбие апаның тәлімді батасын алып тарқасамыз.

Жанар  Төребаева,  Ренн қаласының тұрғыны:

БАР ҚАЗАҚ ҚҰШАҚ ЖАЯР КҮНАбайдың рухы Реннде асқақтады 

 – Францияға 1999 жылы қыркүйекте Эндокринология мамандығы бойынша Ренн қаласындағы медицина университетіне келгенмін. Сосын 4 жыл резидентурадан өтіп, француз дәрігерінің дипломына мемлекеттік байқау тапсырдым. 2011 жылы желтоқсан айында медицина докторы дәрежесін қорғадым. Халықаралык гериатрия қауымының мүшесімін.

Ренн қаласы Алматы қаласымен 25 жылдан бері бауырлас қала. Мұнда келген күннен бастап сол комитетке мүшелікке кіріп, Қазақстаннан қол үзбедім. 2012 жылы сол комитеттің вице-президенті, 2013 жылдан бері президентімін. Бауырластық комитетінде менен басқа 30 француз бар.

Ренн қаласы 2011 жылы біздің бауырмашылықтың 20 жылдық құрметіне «Алматы бағын» ашқан болатын. Ал 2016 жылдың қазан айында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, сол бақтан ұлы Абай атамызға ескерткіш ашылды. Алматы және Ренн қаласының әкімі кездесіп, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты, мәдениетті жақындастырған үлкен той жасадық. Бұл менің бастамамды толық қолдаған екі елдің әкімдігінің, екі елдің елшіліктерінің көмегімен өткен ұлы той. Біз осы бақта көктеммен бірге келетін Наурыз мейрамын атап өтеміз. Абай атамның әруағы риза деп ойлаймын. Енді ақын рухы Реннде де асқақтайтын болады. Туған жерімді, Отанымды сағынған кезде Абай ескерткішіне барып, дұға етемін. Маңайын қоқыстан тазалап тұрамын.

Ренн Халықаралық үйінде жылына 4 рет Қазақстан жайлы көрмелер мен конференциялар ұйымдастырамыз. Екі қаланың экономика және коммерциялық жоғары оқу орындарының арасын байланыстыратын меморандумға қол қойылды. Былтыр Алматыға барып №44 және №122 мектептен француз тілі сыныбын аштық. Келешекте екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыта береміз деп сенемін.

Арман Өмір, Стамбұл  қаласының  тұрғыны:

БАР ҚАЗАҚ ҚҰШАҚ ЖАЯР КҮНАта-анам тек қазақша сөйлеуді  талап етті

 – Аталарым Түркияға 1952 жылы келіпті. 21 отбасыны, яғни, 106 адамды Түркияға алып келген Құсайын Тайжы деген ақсақал екен. Ата-бабамның кіндік қаны тамған жер – Семейдің Мақаншы, Аягөз, Тарбағатай өңірі. Олар әу баста Алтай өңіріне келіп, 1936-1949 жылдары Қытайдың қатаң саясатынан Түркияға жол тартыпты. Ал өзім осы Стамбұлда дүниеге келдім. Алайда ата-анамыз қазақ екендігімізді туғаннан үнемі еске салып, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты бойымызға сіңіре тәрбиеледі. Жырақта жүрсек те, жүрегіміз «еліміз» деп соғады қашан да. Ата-анам үйде тек қазақша сөйлеуді талап етті. Қазір өзім де балаларыммен қазақ тілінде әңгімелесемін.

Ал наурызды ата-анамыздың үйінде жиналып, қарсы аламыз. Міндетті түрде ақ дастарқан жайылады. Бауырсақ пісіріліп, қазанда ет асылады. Ұлттық сусын – қымызды да табуға тырысамыз. Анамыз жеті түрлі дәмнен жасалған наурыз көжені алдымызға қояды. Бұдан кейін әкімшіліктің саябақтарда ұйымдастырған шараларына қатысамыз. Балаларға да Наурыз мейрамының қадір-қасиетін шама-шарқымша түсіндіремін. Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шараға қазақ, түрік және басқа да түркітілдес ұлттардың өкілдері қатысып, бір-бірімізді құттықтаймыз. Әрине, мұнда Наурыз мерекесіне ресми демалыс бермесе де, сол кездескеннің өзіне қуанып қаламыз.

 

Акбар Қажы Аюби, Дания, Орхус қаласының тұрғыны:

БАР ҚАЗАҚ ҚҰШАҚ ЖАЯР КҮН Биылдан бастап Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтеміз

– 1972 жылы Ауғанстанның Герат қаласында дүниеге келдім. Ал Данияның Орхус қаласына 1988 жылы Иран арқылы өттік. 2010 жылдан бері жергілікті «Vestas» компаниясының бас кеңсесінде бизнес-сарапшы болып   жұмыс істеймін. 2 балам бар. Жұбайым Назгүл де – қазақ.

Ата-бабамның мекен еткен жері – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы. Атам – Базар Бұхарада білім алып, молда болады. Аумалы-төкпелі заманда, яғни 1928 жылы Өзбекстан арқылы Ауғанстанға келген. Әжемнің айтуынша, сол жылдары Ауғанстанға шамамен 500 отбасы келіпті. Алғашқы кезде оларды Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы каналдың құрылыс жұмысына жеккен көрінеді. Аптап ыстықта қаншама адам көз жұмыпты. Ал бұл азаптан аман қалған ата-әжем Иранның қазақтар көп тұратын Горган қаласына қоныс аударады. Мұнда да жағдай мәз болмаған соң, 1988 жылы Данияға көшуге рұқсат алдық. Міне, содан бері Орхус қаласында тұрып келеміз.

Əз Наурыз мейрамы – Орта Азия­дағы елдердің ежелден келе жат­қан ортақ дәстүрі. Көктем келіп, таби­ғаттың түрленуінің өзі мереке емес пе?!  Еуро­падағы қазақтар аз шоғырланған жерлерде де Наурыз мейрамы кеңінен атап өтіледі. Ал кейде Даниядағы қазақтар бір-бірімізді тауып алып, бас қосамыз. 2017 жылдан бас­тап түркітілдес халықтарға ортақ осы ұлы мерекені Еуропа және Еуропаның сыртынан келетін қазақ бауырлармен бірге тойлауды дәстүрге айналдырсақ деймін. Бұл жобаны өткен жылдан бастап Финляндиядан Айкен, Германиядан Назым, Швейцариядан Серік, Бельгиядан Ақмарал және Даниядан өзім қолға алдым. Шамамен 150 адам Германияның Нюрнберг қаласына жиналатын болдық. 25 наурыз күні Нюрнберг қаласынан бір мейрамхананы жалға алып, ұлттық нақышқа сай безендіріп, Ұлыстың ұлы күнін тойлаймыз. Наурыз көже ішіледі, қазақтың домбырасынан ән-күй төгіледі, «Қара жорға» биленеді. Келешекте   жыл сайын қазақтардың басын қосып, Наурыз мейрамын өткізу және 5 жыл ішінде қатысушы санын 500-ге жеткіземіз деген мақсатымыз  бар. Мұндай басқосудан қазақтардың арасында тығыз байланыс орнап, ауызбіршілік арта түседі деп сенемін. Елден жырақта балалар да жат болып кетпей, салт-дәстүрді сақтасын деген ниеттен туған жұмыс қой.

Жанарбек Ақби, Баян-Өлгий аймағының тұрғыны:

БАР ҚАЗАҚ ҚҰШАҚ ЖАЯР КҮННаурыз мейрамында жаппай ұлттық киім киеміз

– Моңғолиядағы қазақтың көп бөлігі шоғырланған Баян-Өлгий аймағында Наурыз мейрамы ресми түрде 27 жыл қатарынан тойланып келеді. Моңғолияда кеңес билігі тұсында 70 жылдан аса тыйым салынған Наурыз мейрамын халық тек 1987 жылдан бастап әр өлкеде атап өте бастады.

Баян-Өлгийде наурыздың 20-21-і күндері ақындар айтысы ұймдастырылып, ұлттық спорт түрлерінен, атап айтқанда қазақша күрес, бәйге, көкпар, тоғызқұмалақтан сайыс өтеді. Сол күндері әрбір мекеме алдын ала наурыз көже пісіріп немесе ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастырады. Бір-бірін құттықтап, сый-сыяпатын беріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Ұланбатыр қаласындағы студенттер  наурыз көжеден дәм татқызып, қазақ халқының өнері мен салт-дәстүрін дәріптейді.

22 наурыз күні, таңғы 9-да орталық алаңға жиырма шақты киіз үй тігіліп, жиналған көпшілікке наурыз көже таратылады. Баян-Өлгий басшылары мен 1700 шақырым қашықтықтағы Ұланбатырдан келген Үкіметтің ресми өкілдері қазақ халқын төл мерекесі – Наурыз мейрамымен арнайы құттықтайды. Бұндай шараға кей жылдары ел президенті, кейде үкімет басшысы немесе парламент төрағасы арнайы келеді. Ал президент Баян-Өлгийге келе алмаса, Ұланбатырда өтетін Наурыз мейрамына міндетті түрде қатысады.

Бұдан кейін мерекелік шеру басталады. Бұл күні мемлекеттік ұйымдар тайлы-тұяғы қалмай жыл он екі айдың мүсінін жасап, шеруге қатысады. Әр мекеме тарихтан сыр шертетін шағын қойылым сахналайды. Баян-Өлгий халқына жаппай түрде ұлттық киім кию міндеттеледі. Ел билігін ұстаған басшылардан бастап, үйдегі қария мен бала-шағаға дейін ұлттық киім киеді.

Наурыз шеруін Баян-Өлгий бүркіт­шілері бастап жүреді. Ал көшпенділер өмірін сомдаған түйелі көштің өзі ше­руге ерекше сән береді. Аттың құла­ғында ойнаған қыз-жігіттер мен ұлттық киіммен шеруге шыққан мектеп оқушылары өнерлерін ортаға салады. Алаңға келген әр адам мерекелік шарадан кейін қазақтың ежелгі салты бойынша ауыл-аймақты аралап, бір-біріне қонаққа барып, амандық-саулық, жақсылық тілеп, наурыз көже ішеді. Әр әулеттің шаңырағы шаттыққа толады. Бұдан бөлек  Баян-Өлгий аймағының  Орталық ұлттық музыкалық театрында Наурыз мерекесіне арнайы дайындаған мерекелік концертті тамашалаймыз. Айта кету керек, Ұланбатыр қаласында соңғы 10 жыл көлемінде Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шараларды өткізу дәстүрге айналған. Оған Моңғолия президенті Ц.Элбэгдорж мырзаның өзі арнайы қатысып, Ұланбатырда оқып жатқан талантты қазақ студенттері мен Баян-Өлгийлік әртістердің өнерін тамашалайды. Сондай-ақ, бұл күндері қазақтың қолөнер шеберлерінің бұйымдары көрмеге қойылып, ерекше дәріптеледі.

Жарқын Өтешова, Мәскеудегі Халықтар достығы мен ұлттық мәдениеттің дамуын қолдау «Астана» қорының президенті:

БАР ҚАЗАҚ ҚҰШАҚ ЖАЯР КҮНҰлттық мереке киіз үйде өтеді

–  2008 жылы өз жұмысын бастаған «Астана» қорының мақсаты – қанатының астына ұлтына қарамай Мәскеудегі барлық қазақстандықтарды жинай отырып, халқымыздың тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін ұрпақ бойына сіңіру, сақтау. Бұдан бөлек Мәскеуде қазақстандықтардың басын қосатын тұрақты мәдени орталық, кітапхана, мұражай ашу. Мәскеу және Мәскеу өңіріндегі қазақстандықтардың ескерткіштерінің тізімін жасап, мемлекеттік дәрежеде қорғауға алу. Ресей Сыртқы істер министрлігіне қарасты жерде орналасқан «Меридиен кантри клаб» атты гольф-клубы бар. xОсы жерде ҚР Президенті сыйлаған қазақтың киіз үйі тұр. Сол киіз үйді «Астана» қоры қамқорлыққа алып, сол жерде «Наурыз» т.б. ұлттық мерекелерді өткізіп келеміз. Оған сол жақта тұрып жатқан қазақ, түрік, өзбек, әзірбайжан, т.б. түркітілдес ұлттардың өкілдері де қатысады.

«Астана» қорының жанынан «Ақсақалдар кеңесі» ашылған. Ондағылар – сонау елуінші жылдарда Мәскеуге келіп орналасқан ағаларымыз бен апаларымыз. Кезінде СССР Жоғарғы Кеңесінде қызмет жасаған Фахир Абдухалықов, Ұлы Отан соғысының ардагері, полковник Хәкімжан Мұхамеджанов ағаларымыз әр уақытта ақыл қосып, қордың жұмысына көмектесіп отырады. Сонымен қатар Мәскеу мен Мәскеу төңірегіндегі қазақ халқының атақты тұлғалары – Абай Құнанбаев, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұловаға қойылған ескерткіштерді деf заңды түрде қорғауға алар уақыт келген сияқты.

 

 

Редакция таңдауы

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...
d81e6f5d a826 48d9 919c decebc4b5382

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады,...
154378406 3841821515866092 7224205549337919950 o

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы...
bas prokuror

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған...

Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...

Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады

Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді. Ел президенті...

Алғыс айту күні: Елордада мерекеге орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды

Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мерекеде елордалық театрлар медицина қызметкерлерін, эпидемиологтарды, педагогтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спектакль көруге шақырады, деп...

Жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына...

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы...

Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған, картина қайтадан сатылғанға дейін, Қытайда содан кейін Голландияда...

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың...

Білікті хирург қандасымыз: Орыс тілін білмегендіктен базар жағалап кеттім

https://youtu.be/zzD6QU3BF6M Сюжет авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ Тілші Ділда Уәлибек

1 наурызда әскерге шақыру басталады: Қорғаныс министрлігі негізгі өзгерістерді атады

13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады....

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Елордада Ж.Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт...

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде Владимир Путинге қылыш сыйлады. Бұл туралы ол "Россияская газетаға" берген сұхбатында айтты. "Бұл қылышты Қырғызстанның ең мықты...

Елімізде азық-түлік жеткізу нарығы 75 пайызға өскен

2020 жылы Қазақстанда азық-түлік жеткізу нарығы 75% - ға өсті. Бұл туралы Chocofood қызметінің директоры Николай Щербак хабарлады, деп хабарлайды LS. Карантинге байланысты Қазақстанда азық-түлік...

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2,5 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,5 млн-ға жетті.  Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет жұқтырғандардың 89 миллионы емделіп шықса, 2 507 624-і қайтыс болды. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша...

Семейде 1879 жылы салынған тарихи ғимарат өртенді

Ғимараттағы өрт тек таң ата ауыздықталған. https://youtu.be/AwAQx5E_MLA Өрт 26 ақпанда Абай даңғылында 00 сағат 46 минут шамасында басталған. Өртті сөндіруге барлығы 19 техника, 55 адам жұмылдырылды....

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км...

Елімізде сүт өндірісі бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты. «Соңғы бес жылда...

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Грек басылымы Gazzetta планетаның ең сұлу волейболшы аруларының рейтингін жариялады. Рейтингте 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок көш бастады, деп хабарлайды Politic. Бұған дейін аталған рейтингте...

Теміртау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жұмысында ақау болып, тұрғындар аязда жылусыз қалды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов өңір халқынан кешірім сұрады. Мамандар...

2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді

2021 жылы Қазақстанда Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы...

Әлемдік ТОП-50 қатарына енген Қазақстан дзюдошылары

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тель-Авивте өткен әлемдік «Үлкен шлем» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаңартылған рейтинг бойынша ТОП-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар...

Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі...

Жамбыл Жабаев – 175: Киевте поэзия кеші өтті

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы...

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Артур...

Нұр-Сұлтанда банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есігін сындырып кірген екі күдікті ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны...

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім...

Бүгін елорда мен Ақмола облысының оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9...

Өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 135, Алматы қаласы - 110, Шымкент қаласы -...

COVID-19: АҚШ-та вакцинаның күшін әлсірететін вирустың жаңа түрі пайда болды

Калифорния технологиялық институты мен Колумбия университеті ғалымдарының пікірінше, коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасында кездесетін мутация оған иммундық жүйенің әсерін сезінуге кедергі келтіреді, – деп жазды...

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей уақытта қар жауады....

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті...

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол...

Доллар бағасы тағы да арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы төмендеді. Ұлттық банк 26 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады. Жұмада теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 414,77 теңге болады. Бұл ретте...

Қазақстанда аяз 40 градусқа дейін көтеріледі

26 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы нашарлап, 35-40 градус аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды ​​облыстарында, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан,...

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...

«Құлағым үсіп қалды». Желіде үскірік аязда жолда қалған қарағандылықтың бейнежазбасы қызу талқылануда (видео)

Әлеуметтік желілерде үсік шалып, аяз салдарынан зардап шеккен қарағандылықтың видеосы кеңінен талқылануда. Instagram желісіндегі shock_krg парақшасына жүктелген видеода ол Қарағанды облысы Шет ауданы Батық ауылына...

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуда көмек көрсетуде

Алматының жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты. Алматыда 24 ақпанда сағат 16.00-дан бастап...

Сауль «Канело» Альварес: «Головкинді сұлатып түсіремін»

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес журналистердің оның Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізуді қай уақытқа жоспарлап отырғаны туралы сұраққа жауап беруден мезі...

Исламжан Насыров ҚПЛ-дан неге «қашып кеткенін» түсіндірді

Екатеринбургтік "Оралдан" ҚПЛ-ға ауысқан Исламжан Насыров "Тұраннан" (бұрынғы "Арыс") кетіп қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында хабарлады. Бәрі жақсы сияқты болған, Насыров матчтардың...

Facebook ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар инвестицияламақ

Американың Facebook компаниясы алдағы үш жылда ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның жаһандық саясат және коммуникациялар...

Тұрғын үй бағдарламасымен жастарға берілетін баспана құны қанша?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы арқылы берілетін баспана бағасы қанша теңгеге айналатынын айтты. «Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыда...

Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің V отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзін жарияланды. Құрметті жиынға қатысушылар! Ұлттық кеңестің қызметі әуел бастан қоғамның ерекше назарында. Оның жұмысына...

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ сайлауаралық кезеңдегі партияның жұмыс жоспары талқыланды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы...

Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

Алматы-Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Оның ішінде біреуі жолаушылар автобусы. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне...

Павлодар облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері қаза тапты

Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, – деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. «2021...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші атажұртқа сап түзегелі қилы жағдайды бастан кешті. Әйткенмен қандастардың салқар көші байырқалаған жоқ, байсалды болды. Оған себеп дүниенің төрт бұрышынан ағылған көштің...

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі қазақтар қиын-қыстау за­­­манда осы мекенге жер аударылған түрлі этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алып, қол­дау...

Аскер ПИРИЕВ: Бірліктің арқасында талай жеңіске жетеміз

– Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының фору­мында айтқан болатын. Ал 1995 жылғы...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қай санаттағы жастарға арналғанын түсіндірді. «Қазір осы бағдарлама бойынша талаптар әзірленуде. Бұл...

Елорданың көктемгі әуендері

Наурыз айында «Астана Опера» камералық залында елорда тұрғындары мен қала қонақтарын балалар мен ересектерге арналған жарқын концерттік бағдарламалар мен керемет спектакльдер күтеді. 5 және 9...

ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла: «Астана рухын» жандандыруымыз керек

24 ақпанда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы бейне конференция байланысы бойынша өз жұмысын бастады. Оған Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысты. Сенат...

Қазақстан Елшісі Моңғолияның Премьер-Министрімен кездесті

Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Премьер-Министрі Лувсаннамсрай Оюун-Эрдэнэмен кездесуі өтті. Ж.Әділбаев Л.Оюун-Эрдэнэ мырзаны Премьер-Министр қызметіне тағайындалуымен және дәстүрлі Шаған мерекесімен (ай...

Рейтинг: Мемлекет тілін білмейтін министр кім?

Ranking.kz аналитикалық компаниясы қазақстандық министрлердің тіл білу рейтингісін жариялады. Қазақстанда екі министр 5, төрт министр 4, бес министр 3, жеті министр 2 тілді меңгерген. Ал...

Қат мамандық қайсы?

Еңбек нарығы заман ағымына қарай үздіксіз өзгеріп отырады. Бүгін бәсі жоғары тұрған маман­дық­тар уақыт өте келе сұраныстан шы­ғып қалуы әбден мүмкін. Окс­форд университетінің ғалымдары...

Алматыда мыңнан астам ана сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне...

Димаш – ақиқатқа айналған арман

Әр ұлттың өніп-өскен, мекен еткен жеріне орай өзгеше болмысы қалыптасатыны ақиқат. Ұлы дала төсінде мыңдаған жылдар бойы еркін өмір сүрген, империя құрып ғасырлар бойы...

Түркі кеңесі елдерінің энергетика министрлері ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді...

Алғыс айту – ардың ісі

Негізін қазақ халқы құ­раған және күні бү­гінге дейін сол үр­діс тоқтаусыз жалғасып келе жат­қан мемлекетімізде қазақ­тан өзге жүзден астам ұлт өкіл­дері де осы елдің...

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайтынын айтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бар, бүгінде...

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартқа өзгеріс енді

Қазақстанда егер халықаралық шарттардың өзге қатысушылары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда аталған келісімнің немесе олардың жекелеген ережелерінің іске асырылуын тоқтату, сондай-ақ, жауап шараларын қабылдау тәртібі...

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті

Оңтүстік Кореяда сотталған Қазақстан азаматтары енді өз мерзімінің қалған бөлігін Отанында өтей алады. Бүгін сенаторлар тиісті шартты ратификациялады. Бұл жерде бірқатар шарттардың сақталуы маңызды болып...

Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – Дана Нұржігіт

Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы парламент өкілі үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты. Депутаттың айтуынша, бүгінгі...

«Болашақ» бағдарламасы – келешекке жасалған көлемді инвестиция

– Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жыл­дары жалпы ха­лық­тың жағдайы жақсы бол­ды, мына сала­ның дамуына ерекше жағдай жа­салды дей ал­маймыз. Қоғам өмірінің бар­лық саласы то­қырауға ұшырады....

Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты

Отандық жоғары оқу орындарында оқитын заңгерлер көп, бірақ өкінішке орай, заңгерлік білімнің сапасы көңіл көншітпей отыр. Сенатор Ләззат Сүлеймен өзінің депутаттық сауалында осы мәселені...

Мұрат Бақтиярұлы: Ашаршылықты зерттеу үшін ғалымдар мұрағатқа қол жеткізуі қажет

Ашаршылық тақырыбын жан-жақты зерделеу үшін ғалымдардың отандық және шетелдік мұрағаттарға қол жеткізе алуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрінің атына...

Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Былтыр Жамбыл облысында 251 гектар жерден 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған. Бұл жұмыстар жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы жүзеге асқан....

Дипломатия жемістері

Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жария­лан­ғанына 30 жыл толады. Осы тарихи датаға байланысты өмірімнің жиырмаға жуық жылын осы салаға арнаған дип­ломатия ардагері хақында, дербес...

Айман Ибрагимова дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы  Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Онда Сарыағаш ауданының балуан қызы Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде...

Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. «Өкілетті органға ерекше қажеттілігі бар бала мен оның...

Президент: жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды және бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі...

Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева көгалдандыруға қатысты тағы бір бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жоба аясында саябақтарға ағаштар егіледі. Оған...

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажеттігі туралы айтты. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген...

Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы елімізде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы қашан өткізілетінін айтты.  "Қазір біз кенттер мен ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз. Сайлау биыл шамамен...

Қазақстандықтар медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алуы тиіс – Қ.Тоқаев

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. «Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны...

Мемлекет басшысы медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейтуді тапсырды

Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында...

Ауылда өз жұмысшыларына үй салып берген кәсіпкерлерге шығынның 50 пайызы қайтарылады – Президент

Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. «Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50...

Путин Жапаровқа Қырғызстанда орыс тілінің мәртебесін сақтаудың маңызын ескертті

Мәскеуге екі күндік жұмыс сапарымен барған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Кремльдің хабарлауынша, Владимир Путин Садыр Жапаровты Қырғызстан президенті қызметіне...

Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Мейіржан Юсупов қызметінен босатылды. Үкімет басшысы сайтының мәліметінше, Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырауда дүниеге келген. Томск...

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

25 ақпаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады. Біржолғы зейнетақы жинағын келесі медициналық қызметтерге пайдалануға...

Қар, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды

Бір тәулік ішінде республиканың автожолдарында 155 бірлік техника шығарылды, 294 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл туралы КР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты. «Қазгидромет» РМК...

«Бірнеше күн нәр татпаған»: Ресейлік жазушы өз пәтерінде өлі күйінде табылды

Мәскеуде жас жазушы Аделина Шелдон өлі күйінде табылды. Бұл туралы Рен ТВ телеарнасы хабарлады.  Арна мәліметінге, 20 жастағы қыз өз пәтерінде көз жұмған. Соңғы бірнеше...

Пандемия салдарынан әлем әуежайлары қанша шығынға ұшырады?

Әлемдегі әуежайлар коронавирус кесірінен 112 млрд доллар шағынға ұшыраған. Мұндай мәліметті Әуежайлардың халықаралық кеңесі жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». Коронавирус жайлаған 2020 жылы шығын...

Коронавируспен ауырған балалардың денсаулығынан елеулі кінәрат анықталды

COVID-19-мен ауырған балалардың жартысында төрт ай бойы осы аурудың кем дегенде бір симптомы сақталады. Мұндай түйткілдер ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды "Известия". Мамандардың...

Трамп жарлығының күші жойылды: Байден кейбір шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді

АҚШ президенті Джо Байден елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың 2020 жылдың сәуірінде шетелдіктердің кейбір санаттарына елге кіруге тыйым салған Жарлығын жойды. Бұл туралы РИА...

Жуынатын бөлмеге телефонын алып кірген оқушы көз жұмды

Ресейдің Братск қаласында жуынатын бөлмеге телефон алып кірген оқушы қыз тоқ соғып мерт болды. Оқиғаға қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы РФ тергеу комитеті өңірлік...

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі бой көтереді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеп....

Нұр-Сұлтанда аяз: 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ...

Алматыда 16 мыңнан астам студентке арналған бірнеше жатақхана салынады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жоғары оқу орындары басшылығымен жатақхана құрылысы мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Жиында «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» аясында жатақхана құрылысының барысы...

Атырауда Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасы қаланды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылында атақты Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасын қалады,- деп хабарлайды...