Жаңалықтар

Елордада көпқабатты үйден өрт шықты

Фото: ТЖМ

Елордада көпқабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Түн ортасында Алматы ауданында Б.Момышұлы даңғылы бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің сыртынан жану орын алғаны туралы қоңырау келіп түскен.

Келген өрт сөндіру бөлімшелері керамограниттен жасалған қаптама астындағы қабырғаның сыртқы жылуұстағышының 15 шаршы метр және кабельдің 19 погондық метр алаңда жанып жатқанын анықтады, - делінген хабарламада.

Қаптау материалын тез бөлшектеп, жылуұстағышқа мұқият су төгіп тастаған өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуына жол бермей, түн ортасында тұрғындарды эвакуацияламай-ақ оны сөндірді.

ТЖМ өртті сөндіруден гөрі, оның алдын алу оңай екенін еске салады!